г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің ережесі 2020

«Бекітемін»

Ақтөбе сервис колледжінің директоры

_______________________Г.С.Сахатова

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ереже.

Жалпы ережелер

1.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналардың (заңды тұлғалардың), қоғамдық ұйымдардың қызметін біріктіреді.

1.2.Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде іске асырады.

2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің құрылымы мен ұйымдастыру жұмыстары.

2.1.Колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің құрамы:

а) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі төрағасы (төрайымы) - колледж директоры;

б) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің хатшысы;

в) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің мүшелері: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, колледж  инспекторы.

2.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысында шақыру бойынша ІІБ инспекторы, дәрігерлер, жергілікті әкімшілік қызметкерлері қатыса алады. 

2.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысына кеңес төрағасы – колледж директоры басшылық етеді.

2.4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысы айына бір рет өткізіледі.

2.5. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі шешімі көпшілік дауысымен қабылданады.

2.6. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің отырысы, барысы мен қабылданған шешімдері хаттамаланады.

2.7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мүшелерінің сандық және сапалық құрамы жыл сайын педагогикалық кеңесте қаралып, колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.

3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі принциптері, мақсаттары мен міндеттері:

3.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметі төмендегі принциптерге негізделген :

- заңдылық, демократия және кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;

- кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына жеке қарым-қатынас;

- алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау.

3.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі - алқалы орган болып табылады, оның мақсаты жоспарлау, әлеуметтік қауіпті жағдаяттардың (баланың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтың, қоғамға жат iс-әрекеттер) алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және орындалысын бақылау болып табылады.

3.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуына, қылмыс жасауына, құқық бұзуына, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауына себеп болған жағдайларды анықтау және жою;

- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- әлеуметтік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;

- кәмелетке толмағандардың қылмыстық және қоғамға қарсы істерге қатысуын анықтау және жолын кесу;

4. Арнайы, жеке алдын алу жұмыстарын жүргізетін тұлғалар тобы:

4.1. Кеңес кәмелетке толмағандардың төмендегідей санаттары үшін жеке алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады: қаңғыбастыққа бейім, баспанасыздық, қадағалаусыз, есірткі пайдаланушылар, қоғамға қарсы іс-әрекеттері үшін ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрғандар, мектеп Жарғысын бұзушылар.

4.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдармен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту мәселелері жөнінде жоғарыда аталғандар өз міндеттерін дұрыс ақтармаған жағдайда жекелеген жұмыстар ұйымдастырып, жүргізеді. Дәл осындай жұмыс, ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс әсер еткен жағдайда немесе оларға қатыгездік көрсеткен жағдайда да жүзеге асырылады.

5. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысының түрлері мен мазмұны

5.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі аналитикалық қызметті қамтамасыз етеді; мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы бойынша қызметі жағдайын зерттейді; білім алушылардың тәрбиелік және құқық бұзушылықтың деңгейін тексереді; колледждің алдын алу қызметі деңгейін зерттейді, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін, білім алушылардың қоғамға қарсы мінез-құлық салдары мен себептерін зерттейді әрі девиантты балаларды анықтайды.

5.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты айқындайды; қоғамға қарсы мінез-құлықты оқушылардың жеке істерін қарайды, олармен жеке жұмыс жоспарын құрып, мектеп директорына бекітуге береді; қажет болған жағдайда оқушыны немесе оның ата-анасын мамандар кеңесіне жолдайды(психолог, әлеуметтік педагог т.б.), ондай мінез-құлықты білім алушыларды колледжішілік  тізімге тұрғызу, одан шығару жұмыстарын жүргізеді; балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына тартады; тізімде тұрған білім алушыларды колледждегі, қаладағы әр түрлі жұмыс істейтін еңбек бірлестіктеріне, жазғы сауықтыру компанияларына, үйірмелерге, ұжымдық жұмыстарға тартады; қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмысты жүзеге асырады; өз отырыстарында тізімде тұрған оқушылар туралы сынып жетекшілерінің, жеке жұмысты жүргізуге қатысы бар басқа да педагогикалық қызметкерлердің есебін тыңдайды, басқа да осы оқушылармен жасалатын жұмыстар мерзімін анықтайды.

5.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады; балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармайтын ата-аналар жайлы тиісті ұйымдарға сұраныстар жолдайды, ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқығын қорғау, балалар қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» туралы Заңына сәйкес қаулылар қабылдап, комиссия алдында тәртібі түзелген оқушылардың тізімнен мерзімінен бұрын шығарылуы туралы ұсыныстар жасайды.

6. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқықтары мен міндеттері.

6.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі міндетті: 

- өз міндеттерін ІІБ бірлесе отырып атқаруға;

- колледж білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға;

- «тәуекел тобындағы» білім алушыларымен жеке дара алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- білім жеке істерін қарау бойынша өткізілетін Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырыстарына ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды шақыруға;

- мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар үшін кеңестік- ақпараттық қызмет көрсетуге;

- қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға;

- Кеңес жұмысына талдау жасап, жылына бір рет педагогикалық кеңесте есеп беруге.

6.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқылы:

- мұғалімдер мен ата-аналар үшін жеке және ұжымдық түрде жасөспірімдердің мінез-құлық туралы ұсыныстар беруге және олармен алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- ата-аналар жиналыстарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайлы талқылауға ақпарат беруге;

- аудандық, қалалық жасаөспірімдер ісі мен олардың заңды құқығын қорғау бойынша комиссия алдында оқушылар мен ата-аналарына немесе олардың заңды тұлғаларына қатысты заңмен белгіленген қатынастар негізінде тиісті шаралар қолдану туралы хаттар, сұраныстар жіберуге.

7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құжаттары:

7.1. Колледж бойынша Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру жөніндегі бұйрық;

7.2. Кеңес материалдары, отырыстар хаттамалары;

7.3. Мектепішілік есепте, ІІБ тізімінде тұрған оқушылар тізімдері. Бұл тізімдер жыл сайын тексеріліп, салыстырылып, жаңартылып тұрады.

7.4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесіне ұсынылған материалдар;

1. Хаттамалар дәптерге, қолмен толтырылады. Дәптер беттері нөмірленіп, тігіліп, колледж  директоры қолымен бекітіледі, мөр қойылады. Сыртқы бетінде қай кезде жүргізіле басталған күні жазылады.

8. Құқық бҧзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысының регламенті.

8.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі айына 1 рет шақырылады. (шұғыл жағдайлардан басқа).

8.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырыстары хаттамаланып, Кеңесте қаралған құжаттар жүйеленіп, 5 жыл сақталады.

Кеңес отырысына шақырылған оқушы туралы ақпарат /топ кураторы немесе өндірістік оқыту шебері дайындайды/

1. ТАӘ ___________________________________

2. Туған жылы _________________

3. Сынып_____

4. Ата-анасының аты-жөндері ______________________________________________________

5. Ата-аналарының қызметі _____________________________________________________________

6. Отбасы құрамы _____________________________________________________________

7. Кеңес отырысына нешінші рет шақырылып тұр? _____________________________________________________________

8. Кеңес отырысына шақырылу себебі _____________________________________________________________

9. Тәртібі___________________________________________________

10. Оқушымен және оның ата-анасымен жүргізілген жұмыстар ________________________________________________________________

11. Сынып жетекшісінің ұсынысы ______________________________

Құқық бұзушылықтың алдан алу Кеңесінің шешімі ______________________

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының хаттамаларын жүргізу үлгілері.

Колледжің  атауы

Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының

№___хаттамасы «__»___________20__ж.

Қатысқандар

Төрағасы (төрайымы):

Хатшы:

Кеңес мүшелері:

Күн тәртібі:

1. 20__-20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.

2. 20__20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

3. ЖІЖК бірлескен жұмыс жоспарын бекту.

4. Колледжішілік бақылауға қою туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

1. Бірінші сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 20__-20__ оқу жылындағы жұмысын ұйымдастыру. (Ережелері қоса берілген)

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Мектеп директоры (аты - жөні) - Кеңес жұмысын ұйымдастыру туралы.

ШЕШІМ:

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысы .............................

ТЫҢДАЛДЫ:

2. Екінші сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің ________айына жұмыс жоспары жөнінде. (Жоспар қоса берілген)

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

1.

2.

ШЕШІМ:

1. 20__-20__ оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін.

Жұмыстың орындалуын бақылау әлеуметтік педагогке жүктелсін.

ТЫҢДАЛДЫ:

1. Үшінші сұрақ бойынша бойынша колледждің әлеуметтік педагогі (аты, жөні) – мектептің ішкі істер бөлімдерімен бірлесіп жұмыс жасауы туралы. (Жоспар қоса берілген)

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

1.

2.

ШЕШІМ:

1. Бірлескен жұмыс жоспары бекітілсін. Жұмыстың орындалуын бақылау әлеуметтік педагогке жүктелсін.

Төраға:

Хатшы:

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының

№___хаттамасы

«__»___________20__ж. Білім беру ұйымының аты

Төрағасы (төрайымы):

Хатшы:

Қатысқандар:

Кеңес мҥшелері:

Мҧғалімдер:

КҤН ТӘРТІБІ:

1. 1-11 сынып оқушыларының 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуын талдау.

2. Оқу тәртібін бұзушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы.

3. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар ісін қарау.

4. Құқықтық жалпы білім___________________

БАҚЫЛАУ:

Мектепішілік есепте тұрған оқушылар:

1. ____сынып оқушысы (аты-жөні) сабақ босатпайды, бірақ мектеп тәртібін жиі бұзады.

2. _________________________(оқушының аты-жӛні)

________________________________________________________________

1. 1-11 сынып оқушыларының 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуын талдау.

2. Бірінші сұрақ бойынша 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың 20__-оқу жылының_________айында сабаққа қатысуына талдау жасады.

Сыныптар бойынша сабаққа қатысу көрсеткіштері қанағаттанарлық. Жекелеген оқушылар заңды себептермен сабақ босатты (ауырғаны туралы анықтама, ата-аналарының түсініктемелері).

Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_____________________тыңдадық, ол кісі өз сөзінде Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мүшелерін сынып жетекшілерінің оқушылардың үстінен түсірген шағымдарымен таныстырды.

1. ______ сынып оқушысы (оқушының аты-жӛні, туған жылы, айы, мекен жайы) сабақты себепсіз жиі босатады, сабақтан сұранбай кетіп қалады, үй тапсырмасын орындамайды, сабаққа мүлдем дайындықсыз келеді, оқу құралдарын мүлдем әкелмейді. Сабақ үстінде басқа шаруамен айналысып, ӛзгелерге кедергі келтіреді.

3. Құқықтық жалпы білім. Бала құқығы Конвенциясы.

Үшінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_____________________тыңдадық, Кеңес мүшелері бала құқығы Конвенциясының 9,19,37,39 баптарымен танысты.

ШЕШІМ:

1. Сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

2. ____ сынып оқушысы___(аты-жөні)____________сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог, ата-анасы тарапынан қатаң бақылауға алынсын. Ата-анасы құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысының хаттамасымен таныстырылсын.

3. ____сынып оқушысы_____(аты-жөні)________ сынып жетекшісі тарапынан қатаң бақылауға алынып, әңгіме өткізілсін.

4. Оқытушылар арасында құқықтық жалпы білім жұмысы жалғастырылсын.

Төраға (төрайым)

Хатшы 20

Рейд жүргізу карточкаларын толтыру үлгісі.

РЕЙДТІК КАРТА

1.Тексерушілердің ТАӘ ____________________________________________________________________________________________________________________

2. Тексерілетін оқушының (педагогикалық назарды ерекше талап ететін, қолайсыз отбасыдан шыққан жасӛспірімнің) аты-жӛні, сыныбы _____________________________________________________________

3.Рейд қашан өтті___________________Тексеріс уақыты ___________

4. Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________

5. Отбасы құрамы __________________________________________________________________________________________________________________________________

6.Тексеріс уақытындағы жағдай______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7.Тексеріс уақытында жасөспірім қайда болды______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8.Жасөспірім мен ата-анасының өзара түсінуі

9. Жасөспірім ересектердің бақылауынсыз қанша уақыт өткізеді ____________________________________________________________________________________________________________________________________

10.Жасөспірім бос уақытында немен айналысады__________________________________________________________________________________________________________________________

11. Тексерушілердің қорытындылары__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

20___ ж. «___»_______________ қолдар

Жасөспірімдердің заң сыйлаушылық мінез-құлқын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2021 жылдың 22 қаңтарында «Ақтөбе сервис колледжі» МКҚК-да «Құқықбұзушылықтың алдын алу» кеңесі өтті. Кеңесте колледжішілік есепте тұрған студенттер және олардың ата-аналарымен кездесіп, студенттердің тәртіптері және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Тәртібінің жақсаруына байланысты бір студент есептен шығарылды.