г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Назарбаев Дулат Кайназарович

Назарбаев Дулат Кайназаровичтің жалпы педагогикалық өтілі 30 жыл. Ақтөбе сервис колледжінде 2009 жылдан бастап алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы болып жұмыс жасап келеді.

Дулат Кайназарович өз білімін «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығынан «Модульдік-құзіреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру», Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Оқу-алаңдық жиындарды ұйымдастыру және өткізу», ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында басшылық құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курсын», ҚР «КазГЮУ университеті»басқару  қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясынан  үнемі жетілдіріп отыра сертификаттар алды.  

Дулат Кайнарович облыстық,қалалық және колледж ішілік іс-шараларға белсенділік танытып келеді.  Көптеген алғыс хаттар,құрмет грамоталар, Зияткерлік қоғамынан алғыс хат, «Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов» медалімен марапатталды.