г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Волонтёры

Кез-келген адам волонтер бола алады.

Ең бастысы болу керек – адамдарға деген махаббат,

мейірімді жүрек және  аздаған бос  уақыт.

Белсенді  өмір қағидасы, өзара әрекет ету  білігі, мәліметтер алу және беру-  осының бәрі  табысты жұмыс жасауы  үшін волонтерде болуы қажет.

Волонтерлердің  қағидалары:

  • Сенің қолдауыңа мұқтаж адамды  тап, оған көмектес.
  • Өзіңнің  және айналадағылардың әрекеті үшін өзіңдегі пайдалы  қасиетіңді  аш
  • Есіңде болсын, сенің   күшің мен құндылығың- ол сенің денсаулығың.

Жалпы ереже

  • Клуб – өздігінен жұмыс істейтін ұйым, заңды тұлға болып саналмайды.
  • Білім алушылар есебінен колледж базасында құрылған.
  • Клуб өз қызметін қоғамдық ұйымдармен, ІІБ өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасаумен жүзеге асырады.
  • Клубтың құрамы және жетекшісі ерікті түрде анықталады және колледж директорымен бекітіледі.

Клубтың қызметі мыналарға бағытталған:

  • Қазақстан қоғамының адамгершілік мақсаттары мен құндылықтары негізінде білім алушылардың өмір ұстанымдарын қалыптастыру кезінде көмек көрсету.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.
  • ҚР тарихына – мәдени мұраларына сақтықпен қарау, сақтау.

Клуб қызметінің мақсаты және тапсырмалары:

  • Білім алушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алулары бойынша педагогикалық ұжымға көмек көрсету.
  • Білім алушылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу.
  • Белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
  • Заңдарды, нормативтік актілерді тереңінен оқып үйрену
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық жасау.
  • Жемқорлық мәдениетіне бағытталған волонтерлік жұмыстарды ұйымдастыру.

Клуб қызметтерінің негізгі бағыттары:

Ағартушылық қызмет:

  • Жұмыстың жаңа үлгілерін үйрену және қолдану.
  • Салауатты өмір салтына көмек көрсету бойынша бағдарламаны қолдау және жүзеге асыру.
  • Ойындарды, саяхаттарды, жарыстарды, байқауларды ұйымдастыру және өткізу.
  • Қамқорлық қызмет
  • Білім алушылар арасында бірлескен іс-шараларды жүргізуге көмектесу.

Әлеуметтік қызмет:

  • Мемлекеттік мүліктерді, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге қатынасу.
  • Ақпараттық – жарнамалық қызмет
  • Білім алушыларды жарнама баспа материалдарын және сурет – кино бейнекөрсетілімдер жасауға және таратуға үйрету.
  • Тақырыптық әңгімелер, викториналар, спектакль қойылымдарын ұйымдастыру және жүргізу.
  • Клуб қызметіндегі презантациялар және басқа да жарнамалық акцияларды ұйымдастыру және жүргізу.

«АКС жастары» клубы жетекшісінің құқығы мен міндеті

Клуб жетекшісі құқылы:

  • Білім алушыларды және оқытушыларды тарту мақсатында аталған Ереже бөлімдерін негізге ала отыра түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
  • Шынайы қолда бар материалдық – техникалық жағдай есебінен нақты Ереженің 4 тарауында қарастырылған волонтерлік қызметке бағыттау бойынша алдын алу топтары құру.
  • Өткен тармақшаның талаптарын басшылыққа ала отыра қызмет түрін ұсыну.
  • Олардың өз міндеттерін орындамаған жағдайда волонтер қызметінен бас тарту.

Клуб жетекшісі міндетті:

  • Қалаған қызмет бағыттарымен волонтерлік оқытуды ұйымдастыру;
  • Волонтердің практикалық қызметін ұйымдастыру;
  • Волонтерлермен жағымды міндеттер орындаулары үшін жағдай туғызу;
  • Волонтерге оның құқығы мен міндетін түсіндіру;
  • Волонтерге өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіздік білдіргені бойынша нақты іс-шараларға қатысудан бас тартуға волонтерге кедергі болмау;
  • Волонтердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, жауапкершілік таныту;
  • Волонтерге және оның қызметіне әсер ететін құжаттамалар жүргізу.

«АКС жастары» клубы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Клуб мүшелері құқылы:

  • Өздерінің талпыныстарына, қабілеттіліктеріне, қажеттіліктеріне және мүмкіндіктеріне сүйене отыра нақты Ереженің 4 тарауында қарастырылған волонтер қызметіне бағытты таңдау;
  • Олардың таңдап алған бағыттары бойынша оқудан өту;
  • Топ құрамында өзінің қызметтік міндетін жүзеге асыру;
  • Ұсыныстар енгізу, волонтерлік қозғалыс бағыттарының даму жобасын өңдеу, дамыту;
  • Өз мүмкіндіктеріңе сенбеген жағдайда нақты іс-шараларға қатысудан бас тарту;
  • Клуб жетекшісін хабардар ете отыра өз қызметін тоқтату.