г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Құқықтық база

Должностные инструкции

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

  1. Білім алушылар Қазақстан Республикасының лайықты азаматы және өз Отанының патриоты болуға тырысуы қажет. Білім алушылар өздерін адал және лайықты ұстайды, өзара және үлкендер арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен өнеге талаптарын сақтайды, өзінде шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады.
  2. Білім алушылар өздерінің құрдастары мен үлкендерге құрметпен қарауы тиіс, айналасындарға дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді, мүмкіндігінше оларды қорғайды.
  3. Білім алушылар адалдықтың, м әдениеттілік пен әдептіліктің үлгісі болып табылады, азғындықтың көрінуіне төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді.
  4. Білім алушылар салауатты өмір салтын қолдайды және зиянды әдеттерден толығымен бас тартады.
  5. Білім алушылар білім беру мекемесінің тәртібін құрметтеуі, оның мүлкін ұқыпты ұстап, тазалық пен тәртіпті қадағалауы қажет.
  6. Білім алушыларға  білім беру мекемесінің аумағына кез келген мақсаттта қару, жарылғыш немесе өртенгіш заттар, газды шынылар, спирттік сусындар, темекілер, есірткілер, тағы да басқа есеңгіретін немесе улы құралдар, оқу қызметіне қатысы жоқ және айналасындағы адамдардың денсаулығына зақым келтіретін заттар алып келуге тыйым салынады.
    1. Білім беру мекемесінің аумағынада темекі шегуге тыйым салынады;
    2. Әдепсіз сөздер мен қылықтар қолдануға тыйым салынады. Білім алушылар ара қатынасты анықтау үшін ешқашан физикалық (дене) күш көрсетпейді және дөрекі сөздер қолданбайды. Дене күшін көрсету адамның абыройын қорлайды және аталған әрекетке үзілді-кесілді тыйым  салынады.
  7. Білім алушылар шығармашыл белсенділікті дамытуға (ғылыми-білімді, спорттық, көркемдік, және т.б.), бірлескен мәдениет пен білім беру ұйымының беделін көтеруге бағытталған әртүрлі әрекеттің қажеттілігі мен пайдалы екендігін мойындауы қажет.
  8. Білім беру мекемесінен тыс жерде білім алушылар сол білім беру мекемесінің өкілі болып табылатындығын әрқашан есте сақтауы тиіс және оның абыройы мен беделін түсіріп алмау үшін барлық күшін салып әрекет етуі қажет.

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АЛЫП КІРУГЕЖӘНЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. ҚАРУЛАР
  • барлық атыс қаруы (пистолет,револьвер, винтовка, шолақ мылтық және т.б.);
  • атыс қаруының көшірмесі немесе  соған ұқсайтын қару;
  • атыс қаруының құрастырушы  бөлігі ( оптикалық құрылғылар, көздеуіштерден басқа);
  • газды қару;
  • пневматикалық тапанша, винтовкалар және шарлы қару;
  • сигналды тапанша, ойыншық тапаншалардың барлық түрі;
  • шеге қағу мен болттарды ұстататын өндірістік құрылғылар;
  • арбалеттер, катапульталар, сүңгілер және найзалы құралдар;
  • жануарларды жансыздандыруға арналған құралдар;
  • мүйізді малларды басқаруға арналған естен тандыратын немесе ұрып-соғатын құралдар;
  • атыс қаруы түрінде жасалынған тұтатқыштар;
  • травматикалық және жарық-дыбыстық патрондарымен ұңғысыз қару;
  • электрошокты құрылғылар
  1. Қадалғыш / кескіш қарулар мен өткір заттар

- жылжымалы немесе лақтыратын жүзі бар кез келген ұзындықтағы пышақтар;

- Металдан немесе басқа да мықты материалдан жасалынған ықтимал қару ретінде ұсталынатын кез келген ұзындықтағы пышақтар;

- Ас үй пышақтары;

- Аң аулайтын ( аңшылық) пышақтар;

- ашық ұстаралар менөткір лезвиелер ( қауіпті және бір реттік қосымша лезвиесі бар ұстараларды қоса);

- қылыштар мен семсерлер, қылыштың тұтқасы;

- скальпелдер;

- металды жұлдыздар;

- қадалғыш немесе кескіш қару ретінде қолданылатын өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, есіктерге арналған темір тескіштер мен бұрғылар, шапқылар, қызмет көрсету пышақтары, аралар, бұрағыштар, балғалар;

- тері астына дәрі беретін және тоқитын инелер;

- жүзінің ұзындығы 60мм асатын қайшылар;

- жүзінің ұзындығы 60мм асатын қайшылар;

- жүзінің ұзындығы 60мм асатын жиналмалы, бүктемелі жолға арналған пышақтар;